100

"Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары" мамандығы бойынша білім алушы студенттер қазіргі таңда “Қызылорда оңтүстік жылу орталығы” МКК да өндірістік тәжірибеден өту үстінде.
Оқу орнынан тәжірибе жетекшісі Қалила Гүлдана Ақылбекқызы тағайындалды.
Тәжірибеден өту барысында аталған мамандықтың студенттері жылыту маусымындағы барлық жұмыс процесстерін үйреніп жатыр.
Атап айтатын болсақ: жылыту маусымындағы өзгерістер, кететін шығындарды есептеу, қазандыққа берілетін судың тазартылуы, судың қаттылығын фильтрлеу арқылы жұмсарты және т.б жұмыстарды тәжірибе түрінде үйреніп жатыр.
Сонымен қоса, өндірістен тағайындалған шебер аптасына 1 рет студенттерге дәріс өтіп жатыр.

101